Қылмыс

Ақтөбеге қыдырып барған астаналық азамат қамауға алынды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Ақтөбе қаласында ТЖ режимін бұзып, ішімдік ішкен елордалық мейман полицейді ұрғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

10 мамырда Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданындағы №62 үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен екі ер адамды байқаған.

Полиция қызметкері жақындап келіп, тұрғындарға олардың әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын және соған сәйкес хаттама толтыру үшін учаскелік бөлімге бару қажеттігін айтты.

Екі ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Полиция қызметкері жақындағанда олардың бірі қол көтеріп, екі рет ұрған.

 

Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Екінші құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу), 478-бабы (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31