Қылмыс

Ақтөбелік жігіт кәмелетке толмаған қызға АИТВ (СПИД) жұқтырған

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оған АИТВ жұқтырған ақтөбелік сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

 

Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2018-2020 жылдар аралығында 2003 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

 

Сотталушы өзінің АИТВ жұқпасына шалдыққанын біле тұра дертті қасақана жұқтырғаны сот отырысы кезінде дәлелденді.

 

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот-медициналық сараптама кезінде тағылған айып дәлелденді.

 

«Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 118-бабы 3-тармағы, 122-бабы 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушының өз кінәсін мойындағанын ескерді. Сот үкімімен Б. айыпты деп танылып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 21:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28