Қылмыс

Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

  • Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

    Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

Ақтөбелік тұрғын таныс әйелге 14 миллион теңге беріп, оның ортақ үй сатып алатынына сенген. Бір ай өткенде алданып қалғанын сезіп, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны танысын көндіріп, оның 14 миллион теңгесін алып кетті. 40 жастағы ер адам әйелге сеніп, бір ай күткен. Кейін алданып қалғанын сезіп, полицияға жүгінді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай дерек өте көп. 31 жастағы тұрғын «ВАЗ-2115» көлігін сатпақ болады. Қала тұрғыны оған көлігін әлдеқайда қымбатқа сатып бере алатындығы туралы ұсыныс айтты. Көлік иесі оған сеніп, көлігін табыстайды. Кейін күдікті үш ай бойы жәбірленушіден жасырынып жүрген, жәбірленуші полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапқа тартылған 26 жастағы жас жігіт болып шықты»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы шығын 1 млн теңгені құрады.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін аса сақ болыңыз және бейтаныс адамдарға сенбеңіз.




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 15:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30