Қылмыс

Ақтөбелік студент өзін ұрлап кеткендер туралы өтірік айтуға мәжбүр болды

  • Көрнекі сурет.  © massaget.kz

    Көрнекі сурет. © massaget.kz

Ақтөбеде 18 жасқа толмаған студентті желтоқсанның басында белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Бұл драмалық оқиға туралы облыстық полиция айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, колледж студентін ұрлап кеткен жастар туралы хабарлама 2 желтоқсанда кезекші бөлімге түскен.

Осы оқиғадан көп өтпей тәртіп сақшылары Ақтөбе-Орал тас жолында күдікке ілінген көлікті тоқтатты.

Салонда екі жігіт пен кәмелет жасына толмаған қыз болған.

Осыдан кейін оларды полиция бөлімшесіне жеткізді.

Студент қыз тәртіп сақшыларына жігітпен мессенджер арқылы тілдескенін, оны өмірде көрмегенін айтыпты.

Одан бөлек, бойжеткен ұрлау әрекеті болмағанын, көлікке өз еркімен отырғанын білдірген.
Қыздың анасы да тиісті арыз жазып, істі тоқтатты.

Көбісі бұл оқиғада ешқандай қылмыс жоқ деп сенді.

Алайда, кәмелет жасына толмағандар жөніндегі инспектор Досым Болатұлы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Сол себепті шамамен бір күннен соң, студент қыздың үйіне психолог және мұғаліммен барды.

Осы кезде ғана бойжеткен шын мәнінде барлығы қалай болғанын айтып берді.

Оның сөзінше, белгісіз жігіт көшеге кездесуге шақырған.

Бойжеткен ол жерге інісін ертіп келіпті.

Сол уақытта көлікті тағы бір жас жігіт отырған.

Олар студент қызды алдап көлікке отырғызып, алып қашты.

Сол уақытта інісі анасына жүгіріп барып, не болғанын айтып берді.

Әйел адам "102"-ге хабарласқан.

Кәмелет жасына толмаған студентті жолда жас жігіттің біреуі қорқытқаны белгілі болды.
Бойжеткенді оқиғаны айтатын болсаң, ініңді өлтіремін деп қорқытқан.

Сол себепті тәртіп сақшыларын алдауға мәжбүр болған.
Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу жұмыстары басталды.

 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 17:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31