«AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды

14 сәуір 2022, 18:00

Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Zakon.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

 

"Екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы шешім қабылданды", деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

 

Бұл ретте сот Мұхтар Базарбаевтың қандай күдікке ілінгенін нақтыламады.

 

«AlanParking» ЖШС – «СПК Алматы» АҚ жер телімдерінде жұмыс істейтін платформалық ақылы автотұрақтардың операторы. Бұл ақылы автотұрақ жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған сервистік компания.

 

21 желтоқсанда «RR2» ЖШС Алматыдағы ақылы автотұрақтардың операторы «AlanParking» ЖШС-нің (бұрын мемлекетке тиесілі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ) 30% акциясын сатып алды.