Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алаяққа алданған Ақтөбе облысының тұрғыны 25 млн теңгесінен айырылды

28 желтоқсан 2022, 18:09

Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа 25 млн теңге аударған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алаяқтардың айла-амалдарына тек зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар ақша санауды білетіндер де түседі. Алдаудың құрбаны Мұғалжар ауданының 58 жастағы мемлекеттік мекеменің бухгалтері болды.

 

Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын хабарлаған. Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютасына салуды ұсынған.

 

Әйелге “криптоволютаға инвестиция салу” ұнағаны соншалық, әйел барлық жиналған 25 миллион теңгесін алаяқға аударып жіберген. 

 

Полиция департаменті осындай қоңыраулар түскен кезде дүрбелеңге түспеуді еске салады.

 

Кез келген сылтаумен бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз.

 

– Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайды. Сондай-ақ ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға үшінші тарап шоттарына ақша аударуға болмайды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ПД.