Қылмыс

Алаяқтар Алматы тұрғынының атына 11 көлікті рәсімдеген

  • Алаяқтар Алматы тұрғынының атына 11 көлікті рәсімдеген

    Алаяқтар Алматы тұрғынының атына 11 көлікті рәсімдеген

Бір адамның атына 11 көлік рәсімделген. Алаяқтар түрлі маркалы көліктерді қала тұрғыны Жандос Жанғозиннің атына жазғызыпты, деп хабарлайды Алматы арнасы.

 
Зардап шегушінің айтуынша, автокөліктердің салығы да, жол ережесін бұзғаны туралы айыппұлдары да өз атына келіп түсіп отырған. Бір қызығы, алдап-арбаудың қыр-сырын меңгерген алаяқтар бәрін заң жүзінде ресми түрде рәсімдеген екен.

Жандос Жанғозин алаяқтардың құрығына қалай түсіп қалғанын білмейді. Атында 11 көлігінің бар екенін, жыл сайынғы көлік салығын неге төлемей жүргенін айтып салық басқармасынан хабарласқанда ғана естіп, төбемнен жай түскендей болдым дейді. Барлық көліктің жылдық салығы 500 мың теңгеден асады. Оны уақытылы төлемегендіктен, банк барлық шотын бұғаттап тастапты. Соның кесірінен тұрақты жұмысқа да тұра алмай жүргенін айтады.

«Қазір менің атымда 12 көлік бар. Бірақ айдап жүргенім бір ғана машина. Басқалары маған тиесілі емес. Өзімнің тізгіндеп жүрген көлігімді 2018 жылы өз атыма жаздырып, сатып алғанмын. Салығын да уақытылы төлеп келемін. Ал көзге көрінбейтін 11 көліктің атыма қалай, қашан рәсімделгенін білмеймін. Алаяқтар түрлі құжатқа менің қолтаңбама ұсқас етіп, қол қойдырып, мөр бастырған», – дейді зардап шегуші Жандос Жанғозин.
Жандос – Павлодар облысының тумасы. Ал заңсыз рәсімделген 11 көліктің бәрі де Алматы облысында тіркелген. Қулығына құрық болмайтындар бұл істі сырттай іске асырып келіпті. Облыстық Полиция департаментіндегілер қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.    

«Облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасынан көлік құралдарын есепке қоюдың барлық материалдары алынып, қылмыстық іс қозғалды. Дерекке қатысты тергеу жұмыстарының жоспары әзірленген. Тексеріс кезінде тиісті сараптамалар тағайындалып, істі дұрыс шешуге бағытталған қажетті жеделді тергеу іс-әрекеттері жүргізілетін болады», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әбілтай Әбенов.
Осылайша, Жандос өзін тақырға отырғызып кеткендердің ісін май шаммен қаралуын талап етіп отыр. Бұл іс қанша уақытқа созылатыны, ақыры немен тынатыны да белгісіз. Ал күн санап салығының айыппұлы өсіп жатқан зардап шегуші қомақты қаражатты қалай өтерін білмей әлек.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 09:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 21:48
    Бес кеденші сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31