Қылмыс

Алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

  • Алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

    Алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

Түркістан облысының полицейлері өзгенің атынан 2007 жылы тауарлық несие алып, алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкерін ұстады.  Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісай аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам, өзіне тиесілі есепшоттарының барлығы бұғатталғанын, ал банктерден себебін сұрағанында төленбей қалған несиесі барын біледі. Алайда өзі ешқандай несие алмағандықтан, бөтен біреудің заңсыз несие рәсімдеуі мүмкін екенін алға тартып, соны анықтауға полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Оның ішінде Жетісай АПБ КПБ қызметкері полиция майоры Ғани Каленов, 2 тәулік бойы жан-жақты  іздестіру шараларын жүргізді. Банктермен байланысып, ақпарат жинақтады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы, күдіктінің ізіне түсті. Нәтижесінде полицейлер, күдіктіні Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол бұрын банктердің бірінің несие жөніндегі менеджері болып жұмыс істеген, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті азамат, өзінің қызметін асыра пайдаланып, тауып алған жәбірленушінің жеке куәлігін пайдалана отырып, 2007 жылы несие рәсімдеген. Яғни 89 000 теңгеге теледидар алып, тауарлық несие келісім-шартын жасап, өзі жәбірленушінің атынан қол қойып жіберген. Осылайша 14 жыл алдын жасалған қылмыс полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында ашылып, күдікті құрықталды.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осындай алаяқтық жайттарына қатыстылығын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді. Сонымен қатар құжаттарыңызға абай болуды, тіпті көшірмелерінің өзін ешкімге бермеуді ескертеді.

 
BAQ.KZ




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 22:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31