Қылмыс

Әлем чемпионын полицей атып өлтірген бе?

  • Әлем чемпионын полицей атып өлтірген бе?

    Әлем чемпионын полицей атып өлтірген бе?

Атырауда спортшының өліміне қатысты тергеу баяу жүріп жатыр, &ndash деп хабарлайды AstanaTV.

Грэпплин күресінен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың әкесі тергеудің ұзаққа созылуына күдіктілердің полицияда қызмет атқарғаны себеп болуы мүмкін. Оның айтуынша, төбелесті ұйымдастырған адам бостандықта жүр.

Қылмыс 3 ай бұрын болған. 18 жастағы спортшы Есенбек Сиғуатов &ndash грэпплингтен әлем чемпионы. Одан бөлек қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналысқан. Ұлттық құрамаға кіруге дайындалып жүрген ұлынан бір түнде айырылған ата-анасы әлі ес жия алар емес.

Туған күнге кеткен ұлының денесін таңғы сағат 4-тер шамасында достары әкелген. Олардың айтуынша, ауылдастарын соққыға жыққандарға, себебін білуге барған. Сол кезде қарсыластары сөзге келместен оларға оқ жаудырған. Күдікті ретінде полиция қызметкері қамалған.

Спортшының әкесі Тоқсанбай Оразғали: «Күдіктінің біреуі қаруды жасырған. Екіншісі мылтықты атқан. Екеуі де водный полицияда жұмыс  жасағандар. Қару жасырған действующий сотрудник болып кетіп бара жатыр. «Атты» деген күдікті 2-3 күн бұрын шығып кетті деп бывший болып бара жатыр», &ndash дейді.
Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша: «Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасып жатыр. Тағайындалған күрделі сараптамалар қорытындысы күтілуде. Іс бойынша тиісті сараптама қорытындысына сай шешім қабылданады», &ndash дейді.

aikyn.kz




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31