Қылмыс

"Әлем мейірімді болуы керек!": Алматыда атыс шығарған ер адам мен оның отбасы туралы не белгілі

  • "Әлем мейірімді болуы керек!": Алматыда атыс шығарған ер адам мен оның отбасы туралы не белгілі

Алматыда аты ұйымдастырған адамның үйден шығаруға қатысты жанжалдың неден басталғаны туралы отбасының адвокаты айтып берді. Ол жанжалды істің соңғы процестердің бірін жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме беріп.

Оның айтуынша, іс 2000 жылдардың басынан жүргізіліп келеді.

 
“Мен көптеген сот процестері аяқталған соңғы кезеңдердің біріне қосылдым. Мен Дужновтың қандай адам екенін сипаттай алмаймын, себебі жұбайы Анаидпен жиірек сөйлестім. Бірақ айтуға болатыны бұл қарапайым отбасы болды, – деді адвокат.

Ол ерлі-зайыптылардың ұстамды және интеллигентті болғанын атап өтті. Бұл кішкентай балалары бар қарапайым отбасы болды. Олар проблемалармен бептпе-бет келді.

Сондай-ақ ЭК осы іске қатысты беделді алматылық заңгерлердің бірімен хабарласып, пікірін білді.

“Мен қалалық соттың 2020 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысын қарадым. Сырттай қарағанда заңды болып көрінеді, өйткені оларды банк шығарған жоқ, 2018 жылдың 4 қазанынан бастап осы үйдің иесі болып келетін Тұрғанов есімді азамат. Демек, ол сот арқылы оларды шығаруға толық құқылы болды, солай істеген де. Конституция бойынша заңды күшіне енген кез келген сот шешімі орындалуға тиіс. Сондықтан Дужновтың әрекеттері ешқандай ақтауға келмейді. Қанша кінәсіз өз жұмысын атқарған адамдар мерт болды”, – дейді өз есімін атамауды сұраған заңгер. 

Игорь Дужнов туралы не белгілі?

54 жастағы Игорь Дужнов 2009 жылы тіркелген "Нано плюс" ЖШС басшысы ретінде көрсетілген. Компания автомобиль бөлшектерін, түйіндерін және керек-жарақтарын бөлшек саудамен айналысады.

Бизнесмен Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының бизнес-клубының мүшесі болды және БАҚ алдында ара-тұра сөз сөйлеп жүрген. Сұхбаттарының бірінде ол қаражаттың жоқтығына және жиі тексерулерге шағымданған.

""Өткен жылы "Даму" бағдарламасы бойынша алынған несиені 12,5% - бен қайта қаржыландырдым. Бұл ретте сақтандыру үшін 200 мың теңге төлеуге тура келді. Қазір біздің кәсіпорын үнемі түрлі мониторингтерге ұшырайды. Шынымды айтсам, жаңа несие беруге уәде етілген соң мөлшерлемені азайтуға шешім қабылдадық. Бізге "ұзақ ақша" керек. Кепілдік екінші несие алуға мүмкіндік береді, бірақ бізге банк рұқсат бермейді", – дейді ол.

Дужновтың әйелі Анаида Демирчян да бизнеспен айналысқанға ұқсайды. Ол "Золотое руно" атты Сұлулық және денсаулық орталығында байланыс тұлғасы ретінде көрсетілген.

Дужновтың әйеліне тиесілі үй банктердің бірінде кепілдік мүлік ретінде тіркелген. Ұзақ сот процестері барысында тұрғын үй банктің меншігі болып танылып, аукционда сатылды.

Сондай-ақ, Игорь Дужнов қайырымдылықпен айналысқан екен. Мәселен, 2009 жылы медицина қызметкері күніне орай ол басқа да кәсіпкерлермен бірге қаражат жинап, №4 Қалалық клиникалық аурухана үшін 15 франциялық мүгедектерге арналған арба алып берген.


“Әлем мейірімді болуы керек! Берген адамға Құдай береді деп дұрыс айтылған! Біз неғұрлым көп жақсы іс жасасақ, бәріміздің өмір сүруіміз соғұрлым жақсы болмақ”, – деп пікір білдірген екен ол шаралардың бірінде.

Айта кетсек, адам өлімімен аяқталған атыс бүгін сағат 17:00 шамасында орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 10:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31