Қылмыс

Әлеуметтік желі арқылы 11 ақмолалықты сан соқтырған шығысқазақстандық ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы 11 ақмолалықты сан соқтырған Шығыстан Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, күдікті арам ойын танымал әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырып келген.

 

«Күдікті «ОЛХ» әлеуметтік желісі арқылы Көкшетау қаласында пәтер жалға берілетіні туралы жарнама жариялаған.

Жарнама бойынша қоңырау шалған «клиенттеріне» пәтер іздеген адамның көптігін айтып, алдын ала жарна төлеуін талап еткен.

Клиенттері алаяқ әйелге 15000 және 45000 теңге шамасында ақша аударған. Кейін қолына ақша тиген күдікті байланысқа шықпай қойған», - дейді ведомстводан.

 

Бір күннің ішінде алаяқтың құрбаны болған Степногор және Ақкөл қаласының тұрғындарынан 2 арыз түсті.

 

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті ретінде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің 11 адамды алдағаны анықталды. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 21:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31