Қылмыс

Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар ұсталды

  • https://elorda.info/

    https://elorda.info/

Түркістанда әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизмді насихаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды elorda.info.

 

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Facebook және Twitter пайдаланушылары парақшаларында деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды анықтады.

 

Аталған жайт СДТБТ-ға қылмыстық кодекстің 405-бабы, 2-бөлігі (қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу не жою туралы сот шешімінен кейін қайта ұйымдастыру) әрі 256-бабы, 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркелді.

 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында экстремистік материалдардың таралуына қатысты күдікті ретінде Түркістан облысының төрт тұрғынын құрықтады. Сотқа дейін жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 08:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31