Қылмыс

Әлеуметтік желінің көмегімен 200-ден аса қазақстандықты сан соқтырды

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Нұр-Сұлтанда тұратын алаяқтар 210 қазақстандықтың атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Елорданың 26 және 32 жастағы тұрғындары былтыр қазаннан бастап сәуірге дейін микрокредиттік ұйымдардың бірінде басқа азаматтардың атына онлайн кредит рәсімдеген. Қылмыстық схеманы Қостанай облысының киберқылмыспен күресетін полицейлері анықтады.

 

Алаяқтар жәбірленушілердің жеке деректерін әлеуметтік желілерден іздеп тапқан. Азаматтардың аты мен тегін, ЖСН-нін пайдаланып, еш кедергісіз онлайн несие алған.

 

Заңсыз әрекет салдарынан 210 адам алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушілер республиканың 12 өңірінде тұрады. Алаяқтар бір адамның атына 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін қарыз алған.

 

Жәбірленушілердің негізгі бөлігі өз атына кредит алынғанын полициядан білсе, қалғандарына қарызды өтеу туралы телефон қоңырауы мен SMS-хабарлама келген.

 

Алаяқтар азаматтарға 26 миллион 100 мың теңге материалдық шығын келтірді.

 

Қазіргі таңда күдіктілер Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Қаскөйлер ақшаны әртүрлі банктің виртуалды картасына аударып, кейін жеке қажеті мен букмекер кеңселердің ставкасына жұмсаған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 16:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31