Қылмыс

Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР сынақтарын қолдан жасап келген

  • Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР сынақтарын қолдан жасап келген

    Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР сынақтарын қолдан жасап келген

Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.


Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж. есімді азаматты және 1993 жылғы И. есімді азаматты ұстады.

Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылды. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасады.

Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінген.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар», ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ведомствада.

Baq.kz




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30