Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы маңында атыс болды

02 қараша 2020, 09:25

Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Байсерке ауылындағы демалыс орнының иесі мен қызметкерлері атылған оқтан жарақат алды.

Полицейлердің айтуынша, 31 қазан сағат 15.50-де Іле ауданының кезекші бөліміне «Поляна» демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15.00-ге қарай медициналық маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесі &ndash 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасқанын анықтады. Келген адамдар оқ атқан.

«К.Н. Кузнецовтың ішінен оқ тиген (резина оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді» делінген ресми хабарламада.
Оқ атқан белгісіз адамдар оқиға орнынан қашып кеткен. Тергеу басталды.

aikyn.kz