Қылмыс

Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

  • Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

    Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

Алматы маңында дәрі-дәрмек жасайтын жасырын ірі цех анықталды.

Бұл жайында қалалық прокуратураға хабарлады.

«23 шілдеде қалалық прокуратура экономикалық тергеу департаментімен бірігіп, дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехты анықтады. Жедел іздестіру шарасы барысында дәрілердің сыртын орауға арналған материалдарды өндіретін баспахана, заңсыз өндірілген өнімді сақтауға арналған қойма әрі жасырын цех анықталды», – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, құқық қорғау органдары заңсыз жасалған 100 тонна дәріні тәркілеген. Күдіктілер бұл дәрі-дәрмекті «Ротацеф», «Солкосерил», «Регидрон оптим», «Кальций-Д3 Никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидим» деген атаумен сатпақшы болған.

Осылайша, құқық қорғау органдары елдегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы сапасы күмән тудыратын дәрі-дәрмекті сату әрекетін тоқтатты. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.

 

aikyn.kz




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 01:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30