Қылмыс

Алматы облысында 17 жастағы қыз құрбысын пышақтады

  • https://24.kz/kz/

    https://24.kz/kz/

Алматы облысында 17 жастағы қыз замандасын пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні Қаратал аудандық полиция басқармасына Орталық аудандық ауруханадан хабарлама түскен - Бастөбе ауылының 17 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алған.

 

Тергеу барысында анықталғандай, зардап шеккен қыз 17 жастағы күдіктімен мектептен таныс және араларында жағымсыз қарым-қатынас болған.

 

Оқиғадан бір күн бұрын олардың арасында көшеде кикілжің туындаған. Мәселені соңына жеткізу үшін жәбірленуші танысын түнде кездесуге шақырып, ұра бастаған. Соққының астында қалған екінші қыз қашып құтылып, өз үйінің ауласында жасырынған.

 

«Ол жерден жиналмалы пышақ тауып алып, артынан келген замандасының ішінен ұрған. Қылмыс құралы айғақзат ретінде тәркіленіп, іске дәлел ретінде тіркелді. Күдікті ата-анасының қолына тапсырылды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру яғни, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

 

Сондай-ақ ПД ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Панфилов ауданында 19 жастағы тұрғынның төсегінен, яғни матрац астынан пышақ пен тапанша табылды. Айғақзатты полицейлер «Қару» алдын-алу профилактикалық шарасы барысында іздеп тапқан.

 

 

 




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 20:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31