Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы облысында 24 жастағы жігіт ерлі-зайыптыларды атып кетті

10 маусым 2022, 10:47

Алматы облысының полицейлері ерлі-зайыптыны мылтықпен жаралаған 24 жастағы талдықорғандық азаматты ұстады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалған. Арты төбелеске ұласқан.

 

"Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.

 

Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бөлігімен қоса, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қолға алынды.

 

Бұрын ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Аңшы мылтығы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді.