Қылмыс

Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған. 6 шілде күні түнгі сағат 3:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына жер үйдің бірі өртеніп, ішінен 37 жастағы әйел адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түсті.

 

27 жастағы көршісі түн ішінде оянып, өртеніп жатқан үйге көмекке жүгірген. Ер адам жанып жатқан үйден кәмелет жасына толмаған 3 баланы және әйел адамды алып шыққан.

 

"Тергеу кезінде өрттен құтқарылған 29 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Сөзінше, ол жасаған қылмысынан соң үйге бензин құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған", – деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Қазір осы қанды қылмысқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 29 жастағы әйел қамауға алынды.

 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30