Қылмыс

Алматы облысында 5 полицейге қатысты үкім шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған 5 экс-полицейге қатысты үкім шығарды.

 

Сот айыпталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқықбұзушылық жиынтығы негізінде 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың бірін 4 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Қылмыскерлерге тағылған айыптар тізімі:

 

- лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 4 тармақтары);

 

- адамдар тобымен алдын ала сөз байласуы арқылы бопсалаушылық жолмен бірнеше рет пара алғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 4-тармақтарымен);

 

- лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі);

 

- заңсыз ұстағаны, күзетпен қамауға алғаны немесе күзетпен ұстағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 414-бабының 1-бөлігі);

 

- қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттер (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 3-бөлігі).

 

Сонымен қатар сотталушылардың аппеляциялық шағым түсіргені, алдағы уақытта шағымдарында келтірілген дәлелдерді Жоғары сот қарастырып, оған тиісті баға берілетіні хабарланды.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 




Көрілген: 884    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 19:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30