Қылмыс

Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды

  • Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды

    Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды

Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Кербұлақ аудандық полициясына өрісте зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы Іле ауданының 65 жастағы тұрғынының денесін анықтады. Әйелінің айтуы бойынша, ол Жаркент қаласына серіктесін алып келу үшін кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кербұлақ АПБ бастығының орынбасары полиция майоры М. А. Қыдырәлінің басшылығымен, жергілікті орындарды қарау барысында ЖПБ жедел уәкілдері, полиция аға лейтенанттары Туралиев А. және Сейітжан А. Қоңырөлең ауылының маңында, жолда келе жатқан мас адамды күдікті ретінде ұстады. Сүретке түсіріп алып, тану үшін жәбірленушінің әйеліне ұсынған. Ұсталған адам кісі өлтіргенін мойындады және екінші шопанмен қайтып келе жатып, үшеуі ішімдік ішкенің айтқан»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ер адамдар арасында жанжал жұмысқа төленетін ақшаның аздығынан туындаған.

«Ауыл маңында жұмыс үшін аз төлейтінің айтып, жанжалдасқан. Кейін екеуі бірге марқұмды тұншықтырған. Телефон мен ақшаны алып, мәйітті далаға тастап, жәбірленушінің көлігімен өздері кетіп қалған. Ұрланған ақшаға ішімдік сатып алып, ішуді қайта жалғастырған. Қоңырөлең ауылының маңында көлік сынған. Екінші күдікті, Панфилов ауданы Шолақай ауылының 44 жастағы тұрғыны, оны полицейлер марқұмның көлігінде ұйықтап жатқан жерінен тапқан. Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, олардың бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны, соның ішінде мал ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Екіншісі маскүнем ретінде тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі 7-тармағына «бір топ адамдармен жасалған адам өлтіру қылмысы» қайта сараланды.




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 09:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31