Қылмыс

Алматы облысында адамды қағып мерт қылып, қашып кеткен екі жүргізуші ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы облысының полицейлері адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен екі жүргізушіні ұстады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жақында Талғар ауданы Гүлдала кентіндегі жергілікті полицияның кезекші бөліміне &ldquoАлматы &ndash Қорғас&rdquo автожолының 30 шақырымында көлік қағып кеткенге ұқсайтын дене жарақаттары бар, шамамен 60 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

 

Бір күннен кейін Қарасай ауданының Қолашы ауылындағы өз үйінің маңында көлік қағып кетуі салдарынан көз жұмған 46 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

 

Аталған екі дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

&ldquoАлматы-Қорғас&rdquo тас жолында адам қаққан &ldquoНиссан-Кашкай&rdquo автокөлігінің жүргізушісі Панфилов ауданы Аққұдық кентінің 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қолашы ауылында адам қаққан &ldquoНива&rdquo көлігін тізгіндеген екінші жүргізуші де ұсталды. Оның 44 жастағы саяжай тұрғыны екені анықталды.

 

Екі жүргізуші де жасаған қылмыстарының ізін жасыру мақсатында жол-көлік апатын жасаған көліктерін жөндеп үлгерген.

 

Дегенмен полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында көлік жүргізушілері өз кінәларын мойындады.

 

Олардың көлік құралдары сот шешіміне дейін арнайы тұраққа тоғытылды.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 03:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31