Қылмыс

Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

  • Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

    Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алты фактісіне қатысы бар әйелді ұстады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы аптада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы елді мекендердің азық-түлік дүкендерінің алты сатушысы жүгініп, өзін дүкен иелерінің туысы ретінде таныстырған және алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, басқа адамдарға қайта сатқан бейтаныс әйелге қатысты арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында оның тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, сонымен қатар еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Күдікті әйел алаяқтықтың барлық алты дерегін мойындады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысын анықтау мақсатында осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына 8 (72755) 4-14-94 және 4-01-16 телефондары арқылы хабарласуға болатынын ескертеді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3, 4-тармақтары (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 00:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31