Қылмыс

Алматы облысында атыс болды

  • © Pixabay

    © Pixabay

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас ауданы Панфиловқа қарасты Көктал ауылында 16 қаңтарда екі топ адам төбелесіп, атысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелескендер суық әрі атыс қаруын қолданды, салдарынан төрт адам ауруханаға түсті. Сондай-ақ, оқиға орны маңынан 27 жастағы жергілікті тұрғынның өлі денесі табылды.

Оқиғаға он шақты адам қатысқаны белгілі болды, олардың жеке тұлғаларын полиция анықтап үлгерді, қазір олардың үшеуі қамауға алынған.

"Төрт адам ауруханаға түскені белгілі. Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық сот қамауға алуға санкция берген тағы үшеу ұсталды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-шы бабы, яғни "Адам өлтіру", 293-бабы, яғни "Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау", сондай-ақ 99 бапқа әкеліп соққан 24-бабы, "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті соттық-сараптама тағайындалды. Бұл істі тергеуді облыстық тергеу басқармасы айналысатынын және ол облыстық полиция департаменті басшысының жеке бақылауына алынғанын атап өтеміз", - деді Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты екі пышақ пен үш аңшы мылтығы тәркіленді. Олар іс материалдарына заттай айғақтар ретінде тіркелді. Төбелестің шығу себебі анықталып жатыр.

 




Көрілген: 773    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30