Қылмыс

Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтірген соң, үйін, балаларын өртемек болған

  • Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтірген соң, үйін, балаларын өртемек болған

    Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтірген соң, үйін, балаларын өртемек болған

Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтіріп, одан соң өзін және балаларын өртемек болып үйге жанармай төккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел тергеу тобы 37 жастағы әйелдің өлгенін анықтады.

 6 шілдеде Жамбыл аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі сағат 3:00-де Қарғалы кентіндегі жер үйде өрт болғанын, онда зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы 37 жастағы әйелдің қаза тапқанын анықтады.

Күдіктінің көршісі түнде оянып, үйдің жанып жатқанын көріп, көмектеспек болған. Ер адам өрттен үш бала мен әйелді құтқарды. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балалардың 29 жастағы анасын әрекеттерді қасақана істеді деп күдіктеген", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Содан кейін ол қайын әпкесін өлтіргенін, үйді өртегенін мойындаған, сондай-ақ ол балаларымен бірге өртенгісі келгенін айтқан. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі; 202-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

Сондай-ақ төрт адамды, оның ішінде үш жас баланы құтқарғаны үшін көрші ер адамды марапаттау мәселесі жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 02:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30