Қылмыс

Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлаған қарақшы ұсталды

  • © bun.com.ua

    © bun.com.ua

Алматы облысының полицейлері 36 жастағы ер адамды әйелдерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта оған екі әйелге шабуыл жасады деген айып тағылған, олардың біреуін тонаған, ал екіншісін тонаумен қатар зорлаған. Осы қылмыстық әрекеттер сәуір айының соңында және мамырдың басында Іле ауданында болған.


"Бастапқыда оны жас әйелдің арызы бойынша ұстаған. Әйелді Жәпек ауылына жақын маңда тонап, артынша зорлаған. Тексеру кезінде оның тағы бір әйелді тонау ісіне қатысы бары анықталды. Екі жағдайда да ер адам әйелдердің ақшасын, әшекей бұйымдарын және телефондарын алып кеткен. Күдіктіні тінту кезінде зардап шеккен әйелдердің бірінің төлем картасы анықталған", - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Күдікті бұрындары зорлық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Қазіргі уақытта полиция айыпталушының басқа да істерге қатысы бар жоғын тексеріп жатыр.

 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31