Қылмыс

Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

  • Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

    Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері әйелін өлтіріп, денесін үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылған.

Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген.

Жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

«Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 08:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31