Қылмыс

Алматы облысында «Азитромицин» препаратын заңсыз сатқан автокөлік ұсталды

  • Алматы облысында «Азитромицин» препаратын заңсыз сатқан автокөлік ұсталды

    Алматы облысында «Азитромицин» препаратын заңсыз сатқан автокөлік ұсталды

Алматы облысында құны 7 млн теңгеден асатын дәрілік препараттары бар автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

 

6 шілдеде Қаржы мониторингі комитеті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы-Бішкек» тасжолында рұқсат құжаты және лицензиясы жоқ дәрілік затты заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады.

 

Көлікті тінту кезінде 7 млн теңгеден астам сомаға «Азитромицин» дәрілік препаратының 10 қорабы (әр қорапта - 242 қаптама) тәркіленіп алынды.

 

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 214-бабы бойынша іс қозғалды.


Айта кетейік, Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі 5-6 шілде күндері еліміздің барлық аумағында дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 18 фактісін анықтады. 727 млн теңгеден астам сомаға 182 мың қаптама түрлі дәрілік заттар тәркіленді.




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31