Қылмыс

Алматы облысында бір топ жігіт жасөспірімді пышақтап кетті

  • https://theworldnews.net/

    https://theworldnews.net/

30 маусым күні бір топ жігіт "Восточная Сказка" отбасылық демалыс орнында даяшы болып жұмыс істейтін 2004 жылғы жасөспірімді соққыға жыққан. Бұл туралы оқиға орнынан түсірілген видеода айтылады.

 

"Отбасылық демалыс аймағында бір топ адам даяшы болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған, Шамалған ауылының тумасын соққыға жықты. Олар шамамен 35-40 жастарында", - дейді видео авторы.

 

Зардап шеккен бала шұғыл түрде Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалынып, көкбауыры алынып тасталды. Аудандық ауруханада атап өткендей, науқас бірнеше пышақ жарақатымен түскен. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

 

 

Соққыға жыққан азаматтардың біріне қатысты қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана зиян келтіру") бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

"Құқық қорғау органдары осы уақытқа дейін бір ғана күдіктіні ұстады, ал қалғандары бостандықта жүр! Кінәлілер жазалануы керек!" - делінген видеоға жазбада.

 

Видеоға жазбалардың бірінде баланың анасы барлық кінәлі қатаң жазаланады деп үміттенетінін атап өтті.

 

"Менің ұлым өз жұмысын жақсы көрді, тапқан ақшасын жинады. Оның өз арманы, жоспарлары бар еді. Ересек өмірге енді ғана қадам басқан балаға қорқыныш, сенімсіздік ұялаттыңыздар. Ол қатты жан азабын шегуде", - деп жазды ол.

 

 

 

sputnik.kz

 

 

 




Көрілген: 2505    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30