Қылмыс

Алматы облысында бұрынғы шенеунікке 100 миллион теңге айыппұл салынды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасарына 100 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары және оның бағыныштыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


Алматы облысы Талдықорған қалалық соты аталған лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шығарды.


Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Б.Жантұров парақорлық фактілері бойынша кінәлі деп танылды, оған параның 35 еселеген сомасы көлемінде 101,3 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


"Жантұровқа тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың өкілдерінен жалпы қамқорлық жасағаны үшін алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген айып тағылған", - деп жазылған хабарламада.


Қылмыстық схемаға қосылған оның бағыныштылары да әртүрлі жазаға тартылды. Барлығы Жантұровпен бірге 4 лауазымды тұлға сотталды.


Sputnik


 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 21:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31