Қылмыс

Алматы облысында екі мұғалім кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

  • Алматы облысында екі мұғалім кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

    Алматы облысында екі мұғалім кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

 Алматы облысының Үштөбе қаласында екі дене шынықтыру мұғалімі 16 жастағы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді.

Sputnik Қазақстаның  хабарлауынша, тамыз айының ортасында Үштөбе қаласының полициясына 16 жастағы екі жасөспірім қыздың ата-анасы арыз жазған.

Осыдан соң қаладағы әртүрлі мектептерде жұмыс істеген екі дене шынықтыру мұғалімі қамауға алынған. Оларға кәмелетке толмаған екі жасөспірімге бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды.

Қыздардың бірі колледж студенті, екіншісі мектеп оқушысы. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменованың айтуынша, олар бұл фактілер туралы біледі. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде. Бөлім басқа ақпаратты жариялай алмайды. Екі мұғалім де отбасылық адамдар екенін, жұмыс орнында жағымды мінездемелермен сипатталғанын айтты.

Жаңыл Сүлейменова тергеудің аяқталуын күту керек деп қосты. Алматы облысы білім басқармасының хабарлауынша, іс «Зорлау» бабы бойынша қозғалған. Басылым бұл іске үшінші күдікті бар екенін, оның білім беру саласында жұмыс жасамайтынын атап өтті.

Sputnik Қазақстан




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31