Қылмыс

Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды бір жыл зорлап келді деген күдікке ілінді

  • Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды бір жыл зорлап келді деген күдікке ілінді

    Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды бір жыл зорлап келді деген күдікке ілінді

Алматы облысы, Үштөбе қаласындағы екі мектептің екі мұғаліміне - екі бірдей оқушы қызға зорлық көрсетті деген айып тағылып, қамауға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да ауыл тұрғыны 13 жастағы баланы зорлады деп күдіктелді

2004 жылғы жасөспірімдердің аналары бұл сұмдық туралы шағымын тамыздың 13 күні ішкі істер органдарына өткізген. Олардың бірі қызын бір жыл бойы зорлап келген деп Үштөбе қаласындағы Бикен Римова атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімінің үстінен, екіншісі Кемел Тоқаев атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағымданған.

 

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда отыр. Олардың үстінен ҚК-тің "зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсынылған мәлеміттерге сәйкес, күдіктілер қыздарды бір жыл бойы зорлап келген. Онымен қоса, жасөспірімдерді қорқытып, ата-аналарынан ақша бопсалаған екен. 

Ақпаратқа сүйенсек күдіктілердің бұл әрекеттерін әйелдері әшкерелеген. Олар күйеулерінің жасөспірімдермен қыдырып жүргенін көріп, соққыға жықты деген сөз де бар. Осы жағдайдан кейін ғана жеткіншектер мұғалімдерінің бір жылдан бері зорлап келгенін айтқан.

Алматы облысы Қаратал аудандық прокуратурасының мәліметінше, ата-анасының шағымынан кейін мұғалімдер дереу қамалды. Ал үшінші тұлға үй қамаққа алынды.

Бұл ретте күдіктілер туралы әріптестері жақсы пікірде.

"Ол кісілер ондай жасамайды. Оқушылардың өздері... Жанжалмен, бір жағдайлармен болған нәрселер ғой. Ол жерде бұл мұғалімдердің қатысы жоқ" - дейді мектеп директорының орынбасары.

Екінші күдікті сабақ берген мектеп басшылығы да одан ешқандай жағымсыз қылық байқамағанын атап өтті. Ол Бикен Римова атындағы мектепке екі жыл бұрын жұмысқа тұрған.

Аталған жағдай белгілі болғаннан кейін мектеп басшылығы ата-аналардың рұқсатымен оқушыларға психологтар түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты. Ал, ата-аналар бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты. Енді олар балалары үшін алаңдап отыр.

Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров тек екі мектепте ғана емес аймақтағы барлық білім беру орындарында түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Осы жағдайдан кейін мазасы кеткен үштөбеліктер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе қатаң жазалауды талап етіп отыр.

 
 

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31