Қылмыс

Алматы облысында екі рет сотталған әйел сүйіктісін атып өлтірді

  • https://www.newsroom.kh.ua/

    https://www.newsroom.kh.ua/

Алматы облысында екі рет істі болған әйел адам өлтірді деген күдікпен тағы ұсталды. 46 жастағы азаматша өзінің көңілдесін атып өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Полиция қызметінің мәліметінше, 5 қарашаға қараған түні Қаратал ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінен 38 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм Үштөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол қожалықта әртүрлі жұмыс істеген. Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары күдікті ретінде әйел адамды ұстады.


«Қожалықта әйел адамның жұмыс істегені белгілі болды. Ол марқұм болған ер адаммен үш жылдан бері бірге тұрып келген. Оқиға орнынан қашып кеткен азаматша Үштөбе қаласында ұсталды. 1973 жылғы күдікті бұған дейін де адам өлтіріп, есірткі сақтағаны үшін сотталған. Қазір ол қамауға алынды», - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Абдраимов.


Күдіктінің сөзінше, ол сүйіктісімен жанжалдасып қалған. Соңында еш жерде тіркелмеген аңшы мылтығымен оны атып тастаған.


Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.


 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30