Қылмыс

Алматы облысында ескі әдетіне қайта басқан әйел ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы облысында жазықсыз адамдарға  көрінеу жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел тағы да сол әдетін қайталады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Талғар АПБ кезекші бөліміне Талғар ауданының 31 жастағы тұрғыны танысының және екі белгісіз адамның өзін зорлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі (Зорлау) бойынша тіркелді.

 

&ldquoСотқа дейінгі тергеу барысында тергеу арызданушының айғақтарында бірқатар сәйкес келмейтін деректерді анықтады. Оның түсіндірмелері белгілі жағдайларға қайшы келіп, сараптамалар мен басқа да нақты дәлелдермен теріске шығарылды. Әшкере болған әйел жала жапқанын толық мойындап,  танысын араздық салдарынан қаралағанын айтты. Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қысқартылды және арызданушы әйелге қатысты ҚР ҚК 419-бабына (Көрінеу жалған сөз жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды,&rdquo- деді Талғар АПБ тергеу бөлімінің бастығы Азамат Слямов.

 

Арызданушы әйел осыған дейін де құқық қорғау органдарын өз мүддесіне пайдаланбақшы болған.

 

2020 жылдың наурыз айында қарақшылық шабуыл жасалып, пышақ жарақатын алдым деп өзгеге жалған айып таққаны үшін күдіктіге қатысты аудандық сот үкім шығарған. Оның шынайылық үшін өзін-өзі жарақаттағаны және кінәсіз адамға ауыр қылмыс жасады деп айып таққаны белгілі болды. Бұл әрекеті үшін сот оған жүз сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту және жәбірленушілерге өтемақы төлей отырып,  3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

 

&ldquoҚазіргі уақытта көрінеу жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталу сатысында және жақын күндері іс сотқа жіберілетін болады. Менің жалған айып тағуды ұнататын жандарға ескерту айтқым келеді. Бізде сауатты тергеушілер қызмет етеді, олар дәлелдемелерді талдау және салыстыру арқылы айғақтарды тексеріп, шындықты анықтайды және көрінеу жалған сөз жеткізген адамдарды әшкерелейді. Тәуекелге барып, жазықсыз жандарға жала жапқан жағдайда, жауапкершілікке тартылатындарыңызды ұмытпаңыздар&rdquo,-деп толықтырды Талғар АПБ тергеу бөлімінің бастығы Азамат Слямов.




Көрілген: 752    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 01:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30