Қылмыс

Алматы облысында жас жігіт жақын досын атып өлтірді

  • https://www.meme-arsenal.com/

    https://www.meme-arsenal.com/

Алматы облысында 25 жастағы жігіт абайсызда досын өлтіріп алды. Күдікті қаруды өзгеге кезегенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқиға Талғар ауданында болды.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазан күні түнгі 01:00 шамасында полицияға Бесағаш ауылы тұрғынының жарақаттанғандығы жөнінде хабарлама түскен.

 

Оқиға орнына барған тәптіп сақшылар мейрамханада екі топтың арасында жанжал болғанын анықтаған.

 

«Ауруханаға түскен 25 жастағы ер адам алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Жанжалдың қатысушыдары оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол мерт болған азаматтың жақын досы болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сөзінше, ол қаруды жанжал барысында өзгеге бағыттаған. Бірақ досы оны тоқтатпақ болған сәтте қару досына атылып кеткен. Досын ауруханаға дейін жеткізген, бірақ артынша жауапкершіліктен қашып, кетіп қалған. Жанжалға қатысқандардың барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ал 25 жастағы күдікті 12 калибрлі қаруды жүгері өсетін аймақтан тауып алғанын жеткізді. Оқиға болған соң ол қаруды өзенге ағызып жіберген», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

 

Қазір досын өлтірді деген 25 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

 

 

 

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31