Қылмыс

Алматы облысында қол күрестің соңы пышақтасумен аяқталды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Алматы облысында бірнеше жігіт арасындағы қол күрестің соңы пышақ жарақатын салумен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Ұйғыр ауданы полициясына 26 жастағы азаматтың пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабарлама келген.

 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Алматы қаласының 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Жәбірленушінің күдікті және басқа да таныстарымен бірге ішімдік ішкені белгілі болды. Содан кейін арада жанжал шығып, азамат П. жәбірленушіге ас үй пышағын екі рет сұғып алған", – деді Ұйғыр аудандық полиция басқармасының бастығы Игорь Калмаков.

 

Куәгерлердің айтуынша, жанжал "армрестлинг" ойнынан басталған.

 

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Оқиға орнынан алынған пышақ қылмыс құралы ретінде іс материалдарына қосылды.

 

 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 20:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31