Қылмыс

Алматы облысында көше қаңғыбасы адам өлтіріп кеткен

  • Алматы облысында көше қаңғыбасы адам өлтіріп кеткен

    Алматы облысында көше қаңғыбасы адам өлтіріп кеткен

Алматы облысында адам өлтірді деген күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Күніне 2 854 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер мен өмір бойына сотталғандар бірдей қаражатқа өмір сүреді

Облыстың полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусымда сағат 18:20 шамасында Іле аудандық полиция бөліміне Жетіген ауылындағы қараусыз қалған жылыжай ғимаратының жанында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қаза тапқан адам Талғар ауданының тұрғыны екенін анықтаған. Қылмысты жасады деген күдікпен Түркістан облысының тумасы, үй-күйі жоқ Е. есімді азамат ұсталды", - деді полиция өкілдері.

Күдікті кінәсін толық мойындаған.

"27 маусым күні кешке осы ауылдың орталық базарында жәбірленушімен танысқанын айтты. Спирттік ішімдіктерді сатып алған екеуі қараусыз қалған жылыжайдың аумағына барып, ішімдік ішу барысында жанжалдасқан. Жанжал барысында күдікті кірпіштің сынығымен жәбірленушіні екі рет желкесінен ұрған. Салдарынан жәбірленуші есінен танып, көз жұмған. Ол жауапкершіліктен қашпақ болды. Алайда оны тәртіп сақшылары дер кезінде қолға түсірді", - дейді Іле ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Сағындықов.

Ұсталған азамат қоғамға қарсы өмір салтын жүргізген және 2012 жылы тонағаны үшін сотталған.

Күдікті қамауға алынды, оған қатысты ҚР ҚК-нің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 08:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31