Алматы облысында күдікті медбикені жұмыс орнында пышақтап кетті

07 тамыз 2023, 21:18

Ұсталған күдікті қайғылы оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас тұрғысынан орын алғанын жеткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғаны хабарланған.

 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде "ізін суытпай" ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде, делінген полиция хабарламасында.

 

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн.

 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz