Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы облысында құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді

27 шілде 2022, 08:04

Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын киік мүйізін тәркіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

 

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр»,-деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

 

Сондай-ақ осы уақытта мүйіздердің қайдан алынған анықталып жатыр.