Қылмыс

Алматы облысында күйеуі ұрып-соққан әйел ауруханаға түсті

  • Алматы облысында күйеуі ұрып-соққан әйел ауруханаға түсті

    Алматы облысында күйеуі ұрып-соққан әйел ауруханаға түсті

Алматы облысының полициясы күйеуі ұрып-соққан соң ауруханаға түскен Қаскелең қаласының 32 жастағы тұрғынына көмектесті. Келіншек әпкесінің үйінде қалған балаларымен қайта қосылды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Жақында Алматы облысы Полиция департаменті басшысы Мұрат Ұрұмхановтың әлеуметтік желідегі парақшасында "НемолчиДетиKZ" қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі Қарасай ауданындағы бір жанұя үшін көмек көрсетуді сұрады.


Тергеу барысында тәртіп сақшылары күйеуінің әйелін қатты ұрып-соққаны, соның салдарынан келіншектің ауруханаға түскені анықталды.


"Анықталғандай, ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрады. Олар үш кішкентай баланы тәрбиелеуде. Жәбірленуші алғашқыда полицияға жүгінбеген, алайда оны ұрып-соғу фактісі бойынша арыз талап етілді. Қазір Қарасай ауданы полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинау үстінде. Азамат міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", -деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іске полиция араласқан соң келіншектің әпкесінің қолында қалған балалар аналарымен кездесуге мүмкіндік алды.


Сондай-ақ, әйелге жергілікті әкімдіктің қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметкерлері де көмек көрсетті.


Өз кезегінде "НемолчиДетиKZ" қорының өкілдері әлеуметтік желілерде полицейлерге жеделдігі, адамгершіліктері мен түсініктері үшін алғыстарын білдірді.


"Бұл көрініске қарау өте жан тебірентерлік болды. Мен барлық қызметкерлерге алғыс білдіремін. Балақай бірден анасын құшақтады. Ол өте тәтті. Алдағы уақытта сот талқылаулары басталады. "НемолчиДетиKZ" ҚҚ Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне жедел көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді " - деп атап өтті Дина Таңсәрі.




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.05.2019, 22:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31