Қылмыс

Алматы облысында қылмыскердің телефон ұрлағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды

  • Алматы облысында қылмыскердің телефон ұрлағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды

    Алматы облысында қылмыскердің телефон ұрлағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Алматы облысында ұрының жасаған қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп, ұсталып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бейнежазбада көліктің ашық тұрған жүк салғышының жанында иесі және тағы бірнеше адам тұрады. Сол сәтте алдыңғы жақтағы жүргізуші отыратын орынның терезесі ашық болады. Белгісіз азамат адамдардың көліктің артқы жағында тұрғанын пайдаланып, ашық тұрған терезе арқылы көліктен ұялы телефонды қолды қылады.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданының полициясына Көксу ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ол құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефоны сауда орталықтардың бірінің автотұрағында болған автокөлігінен ұрланғанын жеткізген. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры Е.Ташкенев ашты. Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі.

 

Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, бірден қамауға алынды. Қазіргі уақытта айғақ зат заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді.

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 16:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31