Қылмыс

Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған

  • Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған

    Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған

Алматы облысында мас жүргізуші жолаушы ретінде бұқа тасымалдаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жүргізуші куәлігінен айырылған, мас жүргізушінің жеңіл автокөлігіндегі жолаушылар орынынан төрт айлық бұқаны тапты.

Таңертең Алматы-Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кентінің жанынан № 30 борт патрульдік полиция 2-взводының патрульдік полицейлері масаң күйде болған, Мұқры ауылының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы &ldquoФольксваген Гольф&rdquo автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларының таңданысына қарай артқы орындықта жолаушы ретінде бұқа отырған.

- 2019 жылы жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-де тіркелді. Күдіктінің ішімдік ішкеннен кейін, көрші ауылда тұратын ағасына төрт айлық бұқаны апаруға шешім қабылдағаны белгілі болды, &ndash деп хабарлайды Көксу АПБ бастығы Рамиль Гимадиев.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге қатысты мекенжайын өтгертпеу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. 

- Мен барлық жүргізушілерге жүгінемін, ақылды болыңыз, рөлге масаң күйде отырмаңыз, өзіңізді және өзгелерді сақтаңыз. Естеріңізге сала кетейін, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін басқару құқығынан айырылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыға қатысты ірі айыппұл немесе басқа бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін, - деп толықтырды Рамиль Гимадиев.




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 01:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31