Қылмыс

Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

  • Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

    Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Райымбек ауданының полиция бөліміне Нарынқол ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне кіріп, садақаға жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтқан. Ұрылар 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған.

– Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдікті – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, бөлмеден садақаға арналған ақшаны алып кеткен. Күдікті ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады, – деп хабарлады Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нурдаулетов.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31