Қылмыс

Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

  • Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

    Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Ноутбук ұрлап қолға түскен күдіктіні отандастары алаяқтық әрекеті үшін 2010 жылдан бері іздестіріп жатқан
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек &ndash Sputnik. Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлады облыстың полиция департаменті. 

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғанын айтып арызданған.

Дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша тіркелді.

"Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті анықтады. Ол Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталғанға дейін ол ұрлаған мүлікті сатып үлгерген. Кейіннен, сатылған бұйым кері қайтарылды", - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев.
Күдіктінің жеке басын тексеру барысында оның 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірқатар өңірінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30