Қылмыс

Алматы облысында полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атып, қашып кеткен

  • bilim-all.kz

    bilim-all.kz

Ұлттық бюро Алматы облысында полицейлерді тұтқындау кезінде олардың қарсылық көрсеткенін хабарлады. Тәртіп сақшыларының бірі тіпті, жемқорлыққа қарсы күрес қызметкеріне оқ атқаны анықталды. Нәтижесінде, үш полицей қашып кеткен. Оларға іздеу жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Анықталғандай, Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Панфилов аудандық полициясының әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы, полиция майоры, жергілікті полиция қызметінің басшысы және тағы екі патрульдік полиция қызметкерлері пара алғанын анықтады.


"Олар жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдіктелуде. Қомақты қаржыны олар өздері тәркілеген 2491 ондатр терісін қайтару үшін алмақ болған. Тергеу жалғасып жатыр. Тұтқындау кезінде патрульдік полиция қызметкерінің бірі жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жедел-тергеу тобының бағытына үш мәрте оқ атқан. Нәтижесінде, үш полицей оқиға орнынан қашып кетті" , - деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин.


Панфилов аудандық полиция бөлімімен оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 380 бабы үшінші бөлігі бесінші тармағы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелді.


Қазіргі уақытта қашып кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31