Қылмыс

Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды

  • Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды

    Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған болатын. Тексеру барасында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары дерекке тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және &ldquoФольксваген Пассат&rdquo автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желілердегі жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелген әрекеттерге барған. Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылардың санын арттырып, сосын көліктің әйгенін жөндегілері келген.

Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 09:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31