Қылмыс

Алматы облысында сатушы дүкенде жанжал шығарған клиентті өлтірді

  • © zhiznraiona.ru

    © zhiznraiona.ru

Алматы облысының полицейлері мас адамды өлтірді деген күдікпен дүкен сатушысын ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 10:00 шамасында Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 

Аталған факті ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

 

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тұрар кентінің 54 жастағы тұрғынының жеке басын анықталып, одан кейін Жібек жолы кентінің 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

Алдымен ол ештеңені мойындамаған. Дәлелдерді көрсеткеннен кейін ол кісі өлтіргенін мойындап, қылмыс құралы - пышақты берді.

 

Күдіктінің айтуынша, ол дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

 

«Сатып алушы ретінде келген жәбірленуші мас болып, жанжал шығарған. Жанжал кезінде ол қайтыс болған адамды кеудесінен пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді» делінген ведомствоның хабарламасында.

 

 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 23:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31