Қылмыс

Алматы облысында таксист жолаушыны сірке суымен тұншықтырып, тонап кеткен

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушыны сірке суымен тұншықтырып, тонап кетті. Салдарынан жәбірленушінің мұрнының тұсы күйіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданында болған. Маусымның 11-і күні 29 жастағы әйел полицейлерге арызданған.


Айтуынша, белгісіз такси жүргізуші оның тыныс алу жолын химикаттың иісі мүңкіген шүберекпен тұншықтырып, тонаған. 5-6 мың теңгедей ақшасы мен ұялы телефонынан айырылған жәбірленушінің тыныс алу жолдары күйіп қалған.


«Жедел іздестіру барысында Қарасай ауданының полицейлері барлық бейне бақылау камераларын тексерді. Көліктің маркасы анықталды. Жәбірленушінің айтуы бойынша фоторобот әзірленіп, күдікті қолға түсті. Ол - 23 жастағы көрші Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған», - деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.


Жәбірленуші өзін тонаған күдіктіні бірден таныды. Анықталғандай, такси жүргізушісі әйелді сірке суына малынған шүберекпен тұншықтырған.


 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 22:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31