Қылмыс

Алматы облысында вакцина алуға келген ер адам дәрігерді тұншықтырып, ұрып тастады

  • Алматы облысында вакцина алуға келген ер адам дәрігерді тұншықтырып, ұрып тастады

    Алматы облысында вакцина алуға келген ер адам дәрігерді тұншықтырып, ұрып тастады

Алматы облысында ер адам дәрігерді ұрып тастады. Оқиға 21 мамырда Ескелді аудандық ауруханасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның вакцина алуға келгенін атап өтті. Дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастаған уақытта науқас ашулы күйде болды. Ол өзін дұрыс ұстамай дәрігерге дөрекі сөйледі.

 
Медицина қызметкерінің ескертуі бойынша науқас балағат сөздер айтып, дәрігерге шабуыл жасады. Ол дәрігерді ұрып, тұншықтыра бастады, беті мен мойнына бірнеше соққы берді. Оқиға орнына полиция шақырылды. Қазір дәрігер амбулаториялық емдеуде. Миы шайқалып, денесі көгерген. 

"Бұл факт полицияда тіркелді. Қарабұлақ ауылының 31 жастағы тұрғынына қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп атап өтті Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.




Көрілген: 1217    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 04:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31