Алматы облысының тәртіп сақшылары арнайы операция жүргізді

15 қазан 2021, 09:06

Алматы облысында тәртіп сақшылары есірткі сатушысын ұстау бойынша арнайы операция өткізді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

45 жастағы талғарлық сатушы туралы ақпарат полицияға қыркүйекте түскен. Тәртіп сақшылары күдіктімен байланысып, жасырын түрде тауар сатып алған. 

 
Дилер тәртіп сақшыларына тыйым салынған заттың бес грамын сатқан. Сол кезде күдікті ұсталған. Оның көлігінен олар жалпы салмағы 228 грамм төрт бума гашиш табылған.

Бүгінде ер адам тергеу изоляторында. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

kaz.tengrinews.kz